Соя шроты
Шрот жоғары протеинді жемдік өнім. Соя шротының құрамында минералды заттардың ауқымды жинағы, амин қышқылдары мен ақуыздар бар. Түрлі қосарланған жемдер үшін негіз ретінде қолданылады. Ол ауыл шаруашылығы малдары мен құсты жемдеуге арналған ең сапалы өсімдік тектес өнімнің бірі болып табылады. Соя шроты жақсы сіңіріледі және өзінің биологиялық құндылығы бойынша жануарлар тектес аққуыздарға жақын. Соя шроты кальцимен, фосфор, темір, марганец, мырыш және басқа да құнды микро және макроэлементтермен байтылған.
Қосарланған жемнің құрамы бола отырып, соя шротының төмендегідей әсері бар:
- жас төлдің өсуін жеделтеді;
- сүт өндірісінде сауынды арттырады;
- сүт сапасын жақсартады;
- бройлер етінің өндірісін арттыруда шешуші рөлге ие;
- жұмыртқа көлемінің ұлғаюына әсер етеді;
- қосарланған жемнің басқа да нәрлі құрамаларын қортуды және сіңіруді жеңілдетеді;
- иммунитетті жоғарылатады, яғни жануарлардың өлімін азайтады.
Соя шротының сапалық көрсеткіштері:
Құрамы:
Көрсеткіш атауы, өлшем бірлігі | Нақты мәні |
Абсолютті құрғақ затқа шаққанда шикі протеиннің үлестік салмағы, % | 47,34 |
Абсолютті құрғақ затқа шаққанда майсыздандырылған өнімдегі шикі талшықтың үлестік салмағы, % | 4,6 |
Абсолютті құрғақ затқа шаққанда шикі майдың үлестік салмағы, % | 1,23 |
Абсолютті құрғақ затқа шаққанда жалпы күлдің үлестік салмағы, % | 6,2 |
Ылғал мен ұшатын заттардың үлестік салмағы, % | 7,37 |
Уреазаның белсенділігі | 0,15 |