Компания туралы
«Уыз Май Industry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - Қазақстан Республикасында толықмайлы экспандерленген соя, соя шротын, сондай-ақ соя майын өндіретін алдыңғы қатардағы Компаниялардың бірі.
Компания 1999 жылдың 2 қарашасында заңды тұлға ретінде құрылды, ал Компания басшылығының Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің нарығында 20 жылдан астам еңбек тәжірибесі бар.
Компания нарықты тағам өнеркәсібінің барлық салаларына арналған соя және эструзияланған өнімдермен қамтамасыз ету және өндіру аясындағы негізгі бағыттарды дамытуға ұмтылады.
Компанияның атауы - «Уыз Май Industry» сәттілікке қол жеткізу үшін күш-жігерді, ерік пен сенімді біріктіру идеясын білдіреді, оның анық айғағы Алматы облысындағы жаңа соя өңдеу зауытының құрылысы болып табылады.
Компания таңдаулы шикізатты қабылдап, оны заманауи, жоғары технологиялық құрал-жабдықпен өңдейді және серіктестерге экологиялық таза әрі пайдалы өнімді қол жетімді бағамен жеткізеді.
Тұрақтылық, қаржылық сенімділік және соя өңдеу саласындағы заманауи технологияларды енгізу – бұл «Уыз Май Industry» Компаниясының өз жұмысын қалыптастырудағы түпнегізі болып табылады.