Толықмайлы экпандерленген соя

Толықмайлы экпандерленген соя — соя дәндерін майды бөлмей өңдеу нәтижесінде алынған өнім. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарға арналған қосарланған жемдегі бағалы компоненттердің бірі болып табылады.
Толықмайлы экпандерленген соя – бұл әмбебап жем, толық және жеңіл игерілетін ақуыздың таптырмас көзі, сондай-ақ аса зор энергетикалық құндылық көзі.

Толықмайлы экспандерленген сояны пайдалану Сіздің өңдірісіңіздің түсімділігін арттырады, атап айтсақ:
- жас төл мен құстың салмағын арттырады;
- жұмыртқа көлемін ұлғайтады;
- қосымша май қосу қажет емес;
- жем дайындау кезінде түйіршіктелуді жақсартады;
және сәйкесінше, өнімнің нарықтағы бәсеке қабілеттілігін арттырады.

Толықмайлы экспандерленген сояның артықшылықтары:
• жануарлар мен құстардың барлық түрлері үшін әмбебап және ең қолайлы, құрамында жоғары протеин үлесі, жоғары колориялы жем болып табылады;
• майдың, оның ішінде май қышқылдарының жоғары сіңімділігімен сипатталады;
• жемді сақтау кезінде құрамындағы майдың тұрақтылық қасиетін арттыратын токоферолдың үлесі өте жоғары. Липоксидаза мен липаза ыдыратылған;
• құрамында негізгі май қышқылдарының үлесі жоғары – линол және ленолен қышқылдары сәйкесінше – 9,0 және 2,0 %;
• құрамында лецитин үлесі жоғары (май метаболизмі үшін маңызды) - 0,7%;
• дайын өнімде май талшықтары ашылмаған, сондықтан ол 6 айға дейін сақталады және қышқылданбайды;
• өнімнің жағымды иісі мал мен құстың жемделуін жақсартады;
• түйіршіктелу қабілеті жоғары (майлы қоспалары бар басқа құрамдас бөліктермен салыстырғанды).

Толықмайлы сояның қолданылуы

Құс
Толық майлы сояны құстардың барлық түрі жақсы сіңіреді, оның құрамындағы майдың 50%-да, құс жемінде міндетті түрде болуы тиіс линол қышқылы бар. Құрамында линол қышқылының жоғары болуы, әсіресе жұмыртқа көлемін арттыруға қолайлы әсер етеді.

Шошқа
Толық майлы соя аналық шошқалардың буаздылықтың соңғы кезеңінде және жас төлдің өмір сүру қабілеттілігін арттыру үшін емізу кезеңінде өте пайдалы.

Ірі қара мал
Экпандерленген сояны етті мал мен жемделетін бұқалардың жеміне енгізу:
• Ірі қара малының жас төлінің тірі салмағын 4-6%-ға арттыруға;
• Мал басының 1,5-2,2%-ға сақталуына әсер етеді.

Балық
Толық майлы сояны балықтарды жемдеуге пайдалану салмақ пен өсімнің тұрақты артуын қыматамасыз етеді. Толық майлы сояның амин қышқылды құрамы жалпы балық түрлерінің сұранысына барлық көрсеткіштер бойынша сәйкес келеді, сондықтан соя ақуыздың басқа да қымбат түрлерін алмастыра алады.

«Уыз Май Industry» ЖШС-гі сапалық көрсеткіштері төмендегідей жемдік толық майлы сояны өндіреді және өткізеді:

ТОЛЫҚ МАЙЛЫ СОЯНЫҢ МЫСАЛҒА АЛЫНҒАН ТАЛДАМАСЫ
Құрғақ зат (ҚЗ)(г/кг)900
Шикі Протеин(г/кг ҚЗ)390
Май(г/кг ҚЗ)205
Шикі талшық (г/кг ҚЗ)65
Күл (г/кг ҚЗ)50
Линол қышқылы(г/кг ҚЗ)90
Линолен қышқылы (г/кг ҚЗ)20
Уреазаның белсенділігіPh0,15